Бүгінгі таңда Қазақстан экспортқа 4,7 млн тонна астық шығарды. Бұл ретте 2014-2015 жылдардың экспорттық әлеуеті 7 млн тонна деңгейінде жоспарланып отыр деп хабарлады орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ауыл шаруашылық вице-министрі Сапархан Омаров.
"Қазақстанның 2014-2015 жылдарға арналған экспорттық әлеуеті 7 млн тонна деңгейінде жоспарлануда. Қазіргі кезде 4,7 млн тонна экспортталды. Негізінен дәстүрлі бағыттарда шығарып жатырмыз: Орталық Азия елдері (Әзербайжан, Ауғанстан, Иран) - 2,1 млн тонна. Ресей - 119 мың тонна, Қытай - 55 мың тонна, ЕО елдері - 61 мың тонна және Таяш Шығыс елдері - 17,9 млн тонна астық", - деді С.Омаров.
"Таяу Шығыс бағытындағы перспективалар туралы айтатын болсақ, астығымыздың негізгі экспортшысы - Иран, және осы жылы Иранға дейін темір жолдың салынуына байланысты экспортың екі есе артуы күтілуде", - деп мәлімдеді вице-министр.