Алматы. 22 маусым. 7kun.kz - Дүниежүзілік банк кредитор рөлінен жеке секторға инвестиция құятын брокерге айналмақшы. Бұл туралы vestifinance.ru жазды.
Дүниежүзілік банк тобының президенті Джим Ен Ким капитал нарығында дамушы елдерге инвестициялауға болатын бос жатқан қаржы ресурстары бар екенін айтады. Олардың қолданылмауына инвесторлардың бұл елдер туралы мүлдем білмейтіндігі себеп.
Кимнің ойынша, Дүниежүзілік банк жеке сектор мен дамушы елдер арасындағы делдалға айналуы керек. Оның басты артықшылығы ақша беру емес, дамушы елдердің жобаларындағы тәуекел деңгейін төмендету болуы керек. Мұны жүзеге асыру үшін банк белгілі бір мемлекеттер мен жобаларды жеке инвесторларға тартымды ету жолдарын қарастыратын саясат ұстанады.Ким мұндай әрекеттердің нәтижесінде жеке сектордың қаражаты кедей елдер мен оның тұрғындарының жағдайының жақсаруына көмектеседі деген үмітте. Оның пікірнше, банк ғаламдығ нарық жүйесінің мүддесі мен дамушы елдер және кедейліктің шегінде өмір сүріп жатқан адамдар арасындағы дәнекерге айналмақ.