Экономика
Қазақстан халқының саны жыл басынан бері өсті ме?
Қазақстан халқының саны ағымдағы жылдың басынан бері 0,8%-ға (145,7 мың адам) көбейген. 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқы 17 млн 563,3 мың адамды құраған. Бұл жөнінде ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті хабарлады.
Жария етілген статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қала тұрғындарының саны қаңтар-шілде айларында 9,983 млн адамды (+1,2%) ауылдық жердің тұрғындарының саны 7,58 млн адамды (+0,4%) құраған.
Оңтүстік Қазақстан облысы халқының саны жыл басынан бері 1,1%-ға (2,819 млн адам), Алматы облысы– 0,8%-ға (1,937 млн адам), Манғыстау облысы – 1,9%-ға (618,2 мың адам), Жамбыл облысы– 0,6%-ға (1,105 млн адам), Ақтөбе облысы – 0,8%-ға (829,4 мың адам), Қызылорда облысы – 0,9%-ға (759,8 мың адам), Атырау облысы – 1,3%-ға (588,8 мың адам), Қарағанды облысы – 0,3%-ға (1,382 млн адам) өскен.
Ал, Солтүстік Қазақстан облысыны тұрғындарының саны қаңтар-шілдеде 0,2% -ға төмендеп (1315 адам) 570,4 мың адамды құрап отыр.
Алматы қаласының тұрғындары 2,2%-ға (36,4 мың адам) көбейіп, 1,679 млн адам болса, Астанада – 1,5%-ға (13,2 мың адам) өсіп, 866 мың адамды құраған.