Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан инфрақұрылымын дамытуға 10 млрд доллар салынады

Қазақстан инфрақұрылымын дамытуға 10 млрд доллар салынады

Халықаралық қаржы ұйымдары Қазақстанның инфрақұрылымына 10 млрд доллардан астам қаржы салады. Бұл туралы Қазақстанның инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев қазақстандық-сауд арабиялық бизнес-форум кезінде мәлімдеді.

"Бізге халықаралық қаржылай институттар, оның ішінде Исламдық даму банкі көмектесіп жатыр. Олар бірге 10 млрд доллардан астам қаржы бөлді.Жақын арада жол құрылысы, энергетика, транспорт және басқа да инфрақұрылым түрлеріне үлкен көлемдегі инвестиция тартуды жоспарлап отырмыз", - деп атап өті А.Исекешев. Оның сөзінше, мұнай-химия, химия, кен-металлургтық сфера, фармацевтика, ауыл шаруашылығы, азық-түлік өндіріс салаларында тұрақты серіктестік табуға болады. Осыған дейін Қазақстан мен Сауд Арабиясы ортақ жобаларды қаржыландыру үшін қор немесе банк құру туралы жоспарларын хабарлаған еді. "Біздің сауд арабиялық бизнесмендермен исламдық банк немесе қор құру туралы министрлікпен келісімдеріміз бар. Ең үлкен әріптесіміз - Исламдық даму банкі. Бұл қаржылай ұйым сауда операциялар мен инвестициялық жобаларды қаржыландырады", - деп хабарлады министр.

Похожие материалы