Алматы. 20 наурыз. 7kun.kz — «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы үш еншілес компанияның акцияларын сататыны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ.
Екі кезеңдік ашық тендерлерде Семей машина жасау зауытының қарапайым акцияларының 51% сатылады. Бастапқы бағасы - 1,2 млрд теңге.
Сондай-ақ, «Тыныс» машина жасау кәсіпорнындағы қарапайым акциялардың 51% аукционға қойылған. Бастапқы бағасы - 3,8 млрд теңге.
Бұдан басқа, ұлттық компания қазақстанның авиация өнеркәсібіндегі 50% үлесін сатуды жоспарлап отыр. Бастапқы бағасы - 4,8 млрд теңге.
Конкурстық құжаттаманы «Қазақстан инжиниринг» веб-порталынан алуға болады. Өтінімдерді қабылдау 2018 жылдың 16 наурызынан 30 сәуіріне дейін жалғасады.