Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Қазақстан инжиринг" басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары пара алды деп айыпталды

"Қазақстан инжиринг" басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары пара алды деп айыпталды

Астана. 19 сәуір. 7kun.kz - Астана қалалық соты "Қазақстан инжиринг" басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековтың қай бап бойынша күдікке ілінгені жайлы айтып берді. 

"Қанат Сұлтанбеков қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 4-бөлігі бойынша ("Пара алу") айыпталып отыр", - деді Астана қалалық соты. Сот Сұлтанбековты пара алғаны үшін айыпты деп таныса, Қанат Сұлтанбековке айыппұл салынып, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сондай-ақ, оның мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылады.

6 сәуірде Есіл аудандық № 2 соты Қанат Сұлтанбековтың қамаудағы мерзімін 16 маусымға дейін ұзартқан болатын. Еске сала кетейік, Қанат Сұлтанбековтың қамауға алынғаны жайлы бүгін хабарланған болатын. "Қанат Сұлтанбеков екі ай мерзімге, яғни 2017 жылдың 16 сәуіріне дейін қамауға алынды. Үкімді Есіл аудандық № 2 соты 18 ақпанда шығарды", - деген еді қалалық сот баспасөз қызметінің маманы Ботагөз Баянова.

Сондай-ақ, осыған дейін "Қазақстан инжиринг" басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековтың өкілеттігі алдын ала тоқтатылғаны хабарланған еді.

Похожие материалы