Алматы. 8 сәуір. 7kun.kz – Жаңа кедендік кодекске сәйкес кәсіпкерлер тауарларын шекарадан автоматты түрде өткізе алады. Яғни жүк иесінің жөнелтілімі қажет болмайды. Бұл туралы қаржы министрлігі мемлекеттік кіріс комитеті төрағасының орынбасары Госман Амрин мәлімдеді.
2017 жыл шілдеден бастап Қазақстан кедені жаңа шартпен жұмыс істейді. Бұл Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) аясында жүзеге асады.
«Кеден кодексіне жаңа ережелер қосылды. Мысалы, тауарды ешкімнің қатысуынсыз өткізе аламыз. Егер құжаттардың барлығы дұрыс болса, құрылғы электронды санды қолтаңба арқылы жүкті автоматты түрде өткізеді. Біз осы жылдың шілдесінен бастап жұмысты жаңа форматта іске қосымыз деп жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті мемлекеттік кіріс комитеті төрағасының орынбасары Госман Амрин.
Сонымен қатар, кәсіпкерлер кеден декларациясын тегін рәсімдей алады.
«Қазір бұл құжатты толтыру үшін экспортер кедендік брокерлерге ақша төлеу қажет. Біз оларға тікелей кедендік ұйымға баруға мүмкіндік бердік. Сол арқылы адамдар декларацияны тегін толтыра алады», - дейді Госман Амрин.
Оның айтуынша, жаңа кедендік кодексте баж салығын бір айға бөліп төлеуге алады. Ал кей жағдайда жарты жылға дейін төлем жасауға болады.
«Одан бөлек, біз алдын-ала кедендік декларация енгізуді жоспарлап отырмыз. Егер кәсіпкер жүк туралы мәліметті ертерек берсе, онда қызметкерлер тауар келгенде дейін жұмыстың бір бөлігін атқарып қояды. Мысалы, жүкті жіберерден екі сағат бұрын қажетті құжаттарды ұсынсаңыз, бір сағаттан кейін қызметкерлер сізге жүкті қай дәліз арқылы жөнелтетінін хабарлайды», - деді мемлекеттік кіріс комитеті төрағасының орынбасары.
Сонымен қатар, 1 шілдеден бастап, БҰҰ бірге жасалған жаңа ақпараттық жүйе іске қосылады.
Госман Амриннің айтуынша, Қазақстанда өзара байланыссыз ақпараттық жүйелер өте көп. Ал жаңа қызмет әлемнің 90 елінің тәжірибесіне негізделген бірыңғай жүйе болады.
Оның мәліметінше, 2016 жылы баж салығы мен басқа да төлемдерден бюджетке 1,4 млрд теңге қаражат түсті. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 13 пайызға көп. 2016 жылы барлығы 1,5 млн кедендік декларация қабылданған.