Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Түрмедегілердің жағдайы жақсартылмақ

Түрмедегілердің жағдайы жақсартылмақ

Сотталғандар үшін жаза өтейтін жердің жағдайын халықаралық стандарттарға сай ету жоспарланып отыр. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметі брифингінде қылмыстық-атқарушы жүйе комитеті төрағасының орынбасары Жанат Кешубаев мәлімдеді.

«Ішкі істер министрлігі халықаралық стандарттарға сай етіп, камералық түрге ауыстырып жатыр. Мәселен, Қазақстандық жаңа колонияларда әрбір камерада санитарлық торап қарастырылған. Ол жерде әрбір сотталушыға 6,6, шаршы метр аумақ бөлінген. Осылайша, талаптарға сай етіп жасау ойда бар. Осы мәселені шешу үшін мақсатты түрде жұмыс істелінбек», - дейді Жанат Кешубаев. Республикада жаңадан ашылған және қайта салынған камералық мазмұндағы 8 түзеу мекемесі бар. Кешубаевтың айтуынша, 2013 жылы 5 климаттық зонаға лайықталған 1500 орындық түзеу мекемесі құрылысының типтік жобасы жасалған. Сонымен бірге, мүгедектердің де әлеуметтік аспектілері есепке алынады. «Мүгедектерге әр режимдік блокта арнайы камералар қарастырылған», - дейді төраға орынбасары. Комитеттегілер жаңа түзеу мекемесін салуға біршама қаражат керек деп отыр. Ол қаржыны мемлекеттік қазына қазір бөле алмайды. Осы ретте қазіргі таңда мемлекеттік жеке серіктестік аясында жаңа түрмелер салған жөн дейді Кешубаев. Кешубаевтың ақпараты бойынша, бүгінде елімізде барлы түзеу мекемелері 30-70 жылы салынғандар. Ол жерде 50-60 адамнан жатады.

Похожие материалы