Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан әлемнің үздік 50 экспорттаушыларының қатарында

Қазақстан әлемнің үздік 50 экспорттаушыларының қатарында

Қазақстан әлемнің үздік елу экспорттаушыларының қатарында. Бұл жөнінде орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде «KAZNEX INVEST» басқарма төрағасының орынбасары мәлімдеді. Мейіржан Майкеновтың айтуынша, ЕАЭО, Орталық Азия, Кавказ, Иран және Ауғанстан елдері негізгі өтім нарығы болып қалған. 

Отандық экспорттаушылардың жасасқан келісім-шарттарының сомасы 1,5 млрд доллардан асқан. Қазақстан мұндай шамаға мемлекеттік қолдау шараларының арқасында жете алған. Индистриаландыру картасы аясында жүздеген кәсіпорын ашылып, мың жарымнан аса кәсіпорын сервистік және қаржылай көмек алған. Қазақстанның даму банкі тауар өндірушілерге қолдау ретінде 35 млрд теңге бөлген. Мейіржан Майкенов, «KAZNEX INVEST» АҚ басқарма төрағасының орынбасары: — Қазақстан ішкі нарықта тұрақты орынға жайғасқан. Еліміз әлемнің ең ірі 50 экспорттаушыларының қатарына енген. Біз 45-орындамыз. Біз көмірсутек шикізатын жеткізушілердің ондығындамыз. Және де уран, сары фосфор жеткізушілер ішінде нөмірі біріншіміз. Ад, ұн жеткізуден екінші орындамыз.

Похожие материалы