Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан мұнай экспортынан 23 млрд доллар пайда көрді

Қазақстан мұнай экспортынан 23 млрд доллар пайда көрді

Алматы. 26-қаңтар. 7kun.kz — 2017 жылдың қаңтар-қараша аралығында қазақстандық мұнайды экспорттаудан түскен табыс 23,5 млрд доллар (61,7 млн тонн) болды, деп мәлімдеді Статистика комитеті.

Жеткізу көлемі 2016 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 37,1 пайызға өскен. Қазақстандық мұнайды ең ірі сатып алушы Италия болған. Олар 7,4 млрд долларға мұнай алған. Осы елге жасалған экспорт бір жыл ішінде 15,3 пайызға өскен.   Голландия 3,3 млрд долларға, Швейцария – 2,1 млрд долларға, ал Франция - 2,5 млрд долларға шикізат сатып алған.  Сонымен қатар, Испанияға 1,3 млрд долларға, Грекияға - 712,6 млн долларға, Румынияға - 761,6 млн долларға, Қытайға - 689,9 млн долларға, Португалияға – 528,7 млн долларға мұнай экспортталған.

Сондай-ақ, қазақстандық мұнай Хорватияға (288,7 млн доллар), Кореяға (783,7 млн доллар), Үндістанға (543,5 млн долларға) экспортталған.

Қания Табыс

Похожие материалы