Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан мұнай экспортының көлемін азайтпақ

Қазақстан мұнай экспортының көлемін азайтпақ

2015 жылдан бастап Қазақстан 60 млн тонна мұнайды экспортқа шығаруды жоспарлап отыр, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 3,2% аз.

2015 жылы мұнай өндіру 80,5 млн тонна көлемінде болады деп жоспарланып отыр. Қара алтынды қайта өңдеу 14,3 млн тонна, мұнай экспорты 60 млн тонна болады», - деді энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин. Бірақ  екі жылдан бастап өндіріс көлемін қайта ұлғайтуды алға қойғандарын атап өтті.

«2017 жылы мұнай өндірісін 86 млн тоннаға, 2020 жылы 104млн тоннаға дейін көбейтуді жоспарлап отырмыз. Бұл Теңгіз кен орнының ұлғаюы мен Қашаған кен орнындағы мұнай өндіруді қайта жалғастырумен байланысты» , - болады деп атап өтті ол.

Вице-министрдің еске салуынша, Қазақстандағы мұнай өңдеу 2014 жылы 80 млн 826 мың тоннаны құраған.

Похожие материалы