Экономика
Экономика1
Қазақстан мұнай өндірісінің шыңына 2031 жылы жетеді
2031 жылдан кейін Қазақстанның энергетика министрлігі мұнай өндірісі жылына 100 млн тоннадан төмен деңгейге түседі деп отыр. Бұл туралы "Мұнай-газ секторының даму проблемалары мен перспективалары" атты парламент қарауында энергетика министрі Владимир Школьник хабарлады.
"Қашаған кен орнын игеруді және Теңізшевройлдың келешектегі даму жобасын ескерсек, мұнай өндірісінің ең жоғары көлемі 2031 жылы болады деп күтілуде - 113 млн тонна. Содан соң 2040 және 2050 жылы бір қалыпты сәйкесінше 91,5 млн тоннаға дейін және 62 тоннаға дейін төмендейді", - деп мәлімдеді ол.
Сонымен қатар, министр "жетекші дүниежүзілік сарапшылар жүргізген зерттеулер негізінде Капий маңы шұңғымалардың қонауында мұнайдың шамамен 60 млрд тонна деңгейінде бағаланған алып көмірсутек қорлары болуы мүмкін" екенін айтты.
"Сол себепті біз "Еуразия" жобасын іске асыруға кірістік, бұл жоба инновациялық геологиялық технологиялардың қолданылуын және 15 км дейінгі аса терең ұңғымалардың бұрғылануын қарастырады. Бірқатар жетекші дүниежүзілік мұай-газ компаниялары бұл жобаға қызығушылық білдірді. Қазір біз консорциум құрып жатырмыз және ел келешегі үшін маңызды осы жобаның әлеуетті инвесторлары үшін қолайлы қазыналық және қазыналық емес сипаттағы жеңілдіктерге қатысты мәселелерді қарастырудамыз", - деді В.Школьник.