Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан мен БАЭ арасындағы сауда-саттық көлемі 643 млн долларға жетті

Қазақстан мен БАЭ арасындағы сауда-саттық көлемі 643 млн долларға жетті
Алматы. 26 наурыз. 7kun.kz - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 24 наурызда Біріккен Араб Әмірлігінің астанасы Әбу-Даби қаласына ресми сапармен барды деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.  Қазақстан президенті БАЭ тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаян қарсы алды. «Менің ресми сапарымның Біріккен Араб Әмірліктерінің негізін қалаған шейх Заид бен Сұлтан Әл Наһаянның 100 жылдығымен тұспа-тұс келуінің символдық мәні бар. Мен үшін Сіздің әкеңізбен таныс болғаным – зор мәртебе», — деді Назарбаев. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылы екі ел арасындағы сауда-саттық көлемі екі есеге өскенін атап өтті. Өзара уағдаластықтарды іске асырудың арқасында тек 2017 жылы сауда-саттық көлемі 2 есе өсіп, 374 млн-нан 643 млн долларға дейін жетті. Ал 2015 жылдан бастап бұл көрсеткіш 6 есе артты», — деді Қазақстан президенті. Нұрсұлтан Назарбаев визасыз режім енгізу екі ел арасындағы қарым-қатынастарға оң әсер ететініне назар аударып, тараптар инвестицияларды қорғау, ғарыш технологиялары, су энергетикасы, мұнай химиясы, ауыл шаруашылығы және цифрландыру салаларындағы ынтымақтастықты әрі қарай ілгерілетуге мүдделі екенін атап өтті.

Похожие материалы