Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан мен Беларусь ауыл шаруашылық машиналарын жасау саласында ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан мен Беларусь ауыл шаруашылық машиналарын жасау саласында ынтымақтастықты нығайтады

Алматы. 1 желтоқсан. 7kun.kz — Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Беларусь Республикасының Өнеркәсіп министрлігі арасында ауыл шаруашылығы машиналарын жасаудағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандум көрсетілген салада екі елдің арасындағы жемісті ынтымақтастық орнатуға бағытталған. Ауыл шаруашылығы машинасы өндірісі мен оларды ғылыми және тәжірбиелік-конструкторлық қамтамасыз етуде Беларусь Республикасының жетістігін ескере отырып, осындай ынтымақтастық бізде отандық машина жасау мүмкіндігін арттырады.

Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын жасау бойынша бірлескен кәсіпорын бар екенін атап өту қажет. Сондай-ақ, отандық кәсіпорындар техникасын шығару, олардың локализациясын арттыру және шығарылатын өнімнің түрлерін арттыру жоспарланды.

Аталған орталық Меморандумға сәйкес Беларусь өнімі ауыл шаруашылығы машиналарының оқу макеттерімен өтеусіз негізде жарақталатын болады. Сондай-ақ, Орталықпен өндіріс зауыттарынан тікелей жаңа техника үлгілерін жеңілдік жағдайында сатып алу қарастырылған.

Жалпы қол қойылған Меморандум ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен әзірленген АӨК-ті қарқынды техникалық қайта жарақтандыру Картасында қарастырылған шаралады жүзеге асыруға мүмкіндік беретін болады. Сонымен қатар, екі мемлекеттің ауыл шаруашылығы машиналары, ғылым және кадрлар даярлау саласында ынтымақтастықты ұлғайтуға және нығайтуға мүмкіндік туғызады.

Похожие материалы