Экономика
Қазақстан мен Чехия арасындағы сауда айналымы 500 млн долларға жетті
Алматы. 14 желтоқсан. 7kun.kz - Бұл туралы Прагада қазақстандық және чехиялық кәсіпкерлерінің қатысуымен өткен форумда айтылды.
Форумға 100-ден астам чех және қазақстандық бизнес өкілдері қатысты. Форумды Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Сыртқы сауда палатасы және ТМД елдері бойынша Сауда-өнеркәсіп палатасы ұйымдастырды.
Бизнес форум аясында Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы, өнеркәсіп, сақтандыру және сауда салалары талқыланды.
Вице-министр Ерлан Хаиров атап өткендей, Қазақстанда қолайлы инвестициялық ахуал орнаған. Екі жақты ынтымақтастықты дамытудың перспективалы салалары көлік тасымалы, инженерлік, энергетикалық, инновациялық салалар және де ауыл шаруашылығы болып табылады.
Чехияның өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Йиржи Колибаның айтуынша, Қазақстан мен Чехия арасындағы 9 айдағы сауда айналымының көрсеткіші 500 млн АҚШ долларын құрап, 121 пайызға өскен.