Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан мен Чехия уран өндірісі бойынша бірлескен жобаларды іске асырады

Қазақстан мен Чехия уран өндірісі бойынша бірлескен жобаларды іске асырады

Астана. 10 қыркүйек. 7kun.kz - Қазақстан мен Чехия атом саласындағы өзара қарым-қатынасты дамытуға келісіп, құжаттарға қол қойды.

Астанада «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев және «Uranium Industry» АҚ басқарма төрағасы Милан Клечки қос компания арасындағы ынтымақтастық және өзара әрекеттестік туралы меморандумға қол қойды. Тараптар өзара мүдделестік ұстанымдарына негізделген серіктестік қатынастарды құруға келісті. Құжатқа сәйкес, компаниялар ядролық отын циклы жобаларын іске асыруға бағытталған ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуды көздейді. Атап айтқанда, геологиялық барлау, уран өндіру және өңдеу, топырақ құнарлығын қалпына келтіру, маркетинг және уран өнімдерін сату мәселелеріне айрықша назар аударылмақ. Сондай-ақ, Меморандумға сәйкес Қазатомөнеркәсіп пен Uranium Industry тәжірибелер алмасуға, инновациялық технологияларды енгізу жөніндегі жобаларды бірлесе орындауға, ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыруға, қолайлы экологиялық ортаны сақтауға және жақсартуға ниеттестігін білдірді.

Похожие материалы