Экономика
Экономика1
Қазақстан мен МАГАТЭ төмен байытылған уран банкін құру туралы келісімге қол қойды
Қазақстанны сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов және атом энергиясы бойынша халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) бас директоры Юкия Амано бейсенбі күні таңертең Астанада ел аумағында төмен байытылған уран банкін (ТБУБ) құру туралы келісімге қол қойды.
Е.Ыдырсов пен Ю.Аманодан кейін МАГАТЭ бас директор мен Қазақстанның энергетика министрі Владимир Школьник арасында техникалық келісім жасалды.
"Біз жаңа ғана әлемдік масштабтағы оқиғаның куәгер болдық. Банктың құрылуы МАГАТЭ-ның барлық мүшелеріне төмен байытылған уранға кепілдік беретін қауіпсіздік механизмі болмақ. Банк атом энергиясының бейбіт дамуына қызмет етіп, жаһандық ядролық қауіпсіздіктің нығаюына үлесін қосады", - деді Е.Ыдырысов.
Салтанатты рәсімге БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелері Ұлыбритания, Қытай, Ресей, АҚШ және Франция, сондай-ақ жобаның донорлары ЕО, Норвегия, Кувейт, БАӘ қатысты. Банк Өскемендегі Үлбі металлургиялық зауыттың аумағында орналасады. Отынның бірінші партиясы 2017 жылдан бастап жеткізіле бастайды.
Елдің СІМ ТБУБ террористер үшін ешқандай қызығушылық тудырмайды, себебі арнайы технологиясыз, инфрақұрылым және байытусыз ядролық қару құрастыруға болмайды деп есептейді.
МАГАТЭ мен Қазақстан сарапшыларының сөзінше, банктың экология мен аймақтың халқы үшін ешқандай қаупі болмайды.