Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымының көлемі 16 млрд долларды құрайды

Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымының көлемі 16 млрд долларды құрайды
 Алматы. 15 мамыр. 7kun.kz - Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің Ресейдің Сочи қаласында өткен кездесуінде айтылды деп хабарлдайды Ақорда баспасөз қызметі.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және басқа да маңызды салалар мен бағыттар бойынша екі жақты достық пен тығыз ынтымақтастық орныққанына тоқталды. "Қазақстан – Ресеймен үлгі боларлық қарым-қатынас және қарқынды экономикалық байланыс орнатқан ең жақын мемлекет. Елдеріміз арасындағы тауар айналымының көлемі – 16 миллиард долларға жуық. Бірлескен кәсіпорындар саны артып келеді", – деді Қазақстан президенті. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы екі ел арасындағы жоғары деңгейдегі өзара ықпалдастық Қазақстан-Ресей қатынастарында туындайтын мәселелерді тиімді шешуге септігін тигізіп отырғанын айтты. "Қазақстан әрдайым сіздермен бірге. Біз әрқашан бірге жұмыс жүргізіп, бірлесе алға ұмтылып, бұл күрделі кезеңді де еңсеретін боламыз. Бүгінде барлық бағыт бойынша қалыпты жұмыс жүргізілуде. Көршілес тәуелсіз мемлекеттер арасында әрдайым мәселелер туындап жатады. Біздің үкіметтеріміз бен министрліктеріміз арасында тығыз қарым-қатынас орныққан. Туындайтын мәселелерді дүрліктірмей, байсалдылықпен шешу қажет. Біз – одақтас елдерміз, екі елдің бұқаралық ақпарат құралдары да осы бағытта жұмыс жүргізуге тиіс", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Похожие материалы