Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы 38,3%-ға азайған

Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы 38,3%-ға азайған
2015 жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы 1,2 млрд долларды құрады. 2014 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда аталған көрсеткіш 38,3%-ға төмендеген. Бұл жөнінде ҚР мемлекеттік кірістер комитеті хабарлайды.  Қазақстанның Сыртқы істер министрілігінің мәліметі бойынша, екі ел арасындағы сауда-экономикалық айналым өткен жылы 3,29 млрд долларды құраған. Бұл сандар елдің ішкі саяси ведоствосының басшысы Ерлан Ыдырысовтың түрік әріптесі Феридун Синирлиоглумен Астанада өткен кездесуі барысында жария болды. Қос тарап Қазақстан мен Түркия арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда екі жақты серіктестігі мәселесін де талқыға салды.

Похожие материалы