Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан мен Түркия бірлескен сауда-өнеркәсіп палатасын құрады

Қазақстан мен Түркия бірлескен сауда-өнеркәсіп палатасын құрады

Астана. 3 сәуір. 7kun.kz – Қазақстан мен Түркия сауда-өнеркәсіп палатасын құруы мүмкін. Мұндай ақпаратты бүгін Астанада өтіп жатқан Түркітілдес мемлекеттер іскерлік кеңесінің «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов мәлімдеді. Бұл туралы inform.kz жазды.

 «Біз қазақстандық-түркиялық бірлескен сауда-өнеркәсіп палатасын құру туралы меморандумға қол қойдық. Бірлескен палатаға әріптестеріміздің де қосылатындығына сенімдімін. Біз барлық қатысушы елдердің бірлескен палатасын құра аламыз. Әзербайжан мен Қырғызстандағы әріптестеріміз қосылса, біз бірлесе жұмыс істейтін бірыңғай платформа жасар едік»,-  деді Абылай Мырзахметов.

Басқарма төрағасы кедергілерді төмендету мен жүктерді жедел өткізуге бағытталған кедендік әкімшілік өзгерістер және түркі елдерінің сауда-экономикалық байланыстарын жақсартуды көздейтін жаңашылдықтар жайында айтып берді.

Айта кетейік, отырыс барысында "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев жақын арада Түркітілдес мемлекеттердің іскерлік кеңесіне Өзбекстанның да кіретінін айтты.

Похожие материалы