Экономика
Выбор редактора
Қазақстан мен Татарстан тауар айналымын ұлғайтпақ
Астанада Қазақстан мен Татарстан сауда-экономикалық жұмыс топтарының алғашқы отырысы болып өтті. Жиында екі ел арасындағы сауда ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған бірқатар мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Bnews.kz.
Осы уақытқа дейінгі қос ел арасындағы сауда-саттық айналымы бар-жоғы 3-4%-ды ғана құрап келген. Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев болашақта бұл сандарды арттыру керектігін тілге тиек етті.
ҚР ҰЭМ ұсынған мәліметі бойынша, екі ел арасындағы сәтті сауда-экономикалық тауар айналымының бірден-бір мысалы ауыр техника құрастырушы «КАМАЗ – ИНЖИНИРИНГ» кәсіпорны. Аталмыш кәсіпорын 2005 жылы құрылған.
Өз кезегінде сөз алған Татарстанның өнеркәсіп және сауда министрі Равиль Зарипов Татарстан екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстың машина жасау, отын-энергетика кешені және қаланы сумен қамту салалары бойынша екі жақты жұмысты нығайтқысы келетіндігін жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан-Татарстан арасындағы 2013 жылғы сауда-саттық мөлшері 754,3 млн. ақш долларын, яғни 8%-ды құраған болса. 2014 жылы бұл көрсеткіш әлемдік экономика, соның ішінде ТМД елдерінің экономикалық жағдайының күрт төмендеуіне байланысты, 9 айдың қорытындысы бойынша 133 млн. ақш долларын құрады.