Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан мен Украина арасында сауда-саттық жоспары жаңартылды

Қазақстан мен Украина арасында сауда-саттық жоспары жаңартылды

"Өзара оңтайлы сауда-саттықты жалғастырып, 2015-2016 жылдар аралығында тауар айналымын ұлғайту мақсатында жаңа жоба құрылды. Қазір біздің тиісті министрліктер жоспарды әзірлеп жатыр. Жақын арада бітіреміз деп ойлаймыз",-деді ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев қазақстандық-украиналық бизнес форумы барысында.

Осы мемлекеттік құжатқа сәйкес, екі ел арасында ұдайы көрмелер, жәрмеңкелер, сауда делегацияларымен айырбас жүргізіліп отыратын болады.

Премьер-министрдің орынбасарының айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстанда 400-ден аса компания украина капиталының қатысуымен жұмыс істейді.

"Біз көмір концентратын жеткізу, агроөнеркәсіп кешенін салу мақсаттарында бірлесе жұмыс атқаратын боламыз. Қазақстан мен Украина арасындағы ынтымақтастықтың үлгісі ретінде "Астана-жаңа қала" арнайы экономикалық аймағындағы украиналық капиталдың қатысуымен салынып жатқан металл конструкциялар мен сэндвич-панельдерді өндіру зауыттын айта аламыз"-деді Б. Сағынтаев.

Похожие материалы