Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан мен Қырғызстан экономикалық ынтымақтастық жөніндегі келісімге келді

Қазақстан мен Қырғызстан экономикалық ынтымақтастық жөніндегі келісімге келді
Алматы. 4 желтоқсан. 7kun.kz - 2017 жылдың желтоқсанында Қырғызстан Республикасының үкіметтік делегациясының Астанаға сапары аясында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мен Қырғызстан вице-Премьер-Министрі Толқынбек Абдығұлов екіжақты экономикалық ынтымақтастық мәселелері жөнінде жол картасына қол қойды деп хабарлайды Primeminister.kz сайты.  Минскідегі Қырғызстан Президентімен кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшысы Назарбаевтың тапсырмасымен Қазақстан Үкіметі Қырғызстан үкіметтік делегациясымен келіссөздер жүргізді. Соның нәтижесінде екіжақты экономикалық ынтымақтастық туралы Жол картасына қол қойылды. Оның ішінде шекарадағы жағдай да қамтылған. Жол картасы шекара, көлік, фитосанитариялық және ветеринарлық бақылау, кедендік және салықтық әкімшілендіру салалары бойынша өзара қарым-қатынас, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған 50 шараны қамтиды. Құжатта тез арада қолға алынуы тиіс 16 шара, қысқа уақытта жасауы тиіс 5 және жүйелі түрде жасалатын 29 шара қамтылған.
«Бұл шаралар қырғыз экономикасының ЕАЭО нормалары мен талаптарына бейімделіп, бұл елдің тауарлары ЕАЭО нарығына еркін шыға алуы үшін қолға алынып отыр», — деді А. Мамин.
Жол картасына қол қойған соң Қазақстан мен Қырғызстан ЕАЭО сыртқы шекарасында кедендік, салықтық, ветеринарлық, фитосанитариялық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жүргізуді қамтамасыз етудің жаңа тәсілдеріне көшеді, сондай-ақ Қазақстан-Қырғызстан шекарасы арқылы экспорттық-импорттық және транзиттік тауарларды Еуразиялық экономикалық комиссия өкідерінің қатысуымен өткізуге қол жеткізеді. Қырғыз тарапы жоғарыда көрсетілген салалар бойынша ЕАЭО талаптарына толықтай сай келетін дәрежеде бақылау жасауды мойнына алды.
«Жол картасының шараларын толықтай әрі уақытылы орындау ортақ нарықты ашықтық, заңдылық және өзара пайда тұрғысынан қалыпастыруға, сондай-ақ тату көршілік және достық қарым-қатынастың дәстүрлі арнасында өзара тиімді сауда-экономикалық байланысты күшейтуге септігін тигізеді», — А. Мамин.
Сонымен қатар ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасарының мәлімдеуінше, «ЕАЭО техникалық регламенттерінің талаптарын, оның ішінде сәйкестікті растау бойынша қазақстандық органдарда қырғыз тауарларын сертификаттау талаптарын сақтау бойынша бірлескен жұмыс жүргізілетін болады». Жол картасына қол қою қорытындысы бойынша, тараптар 2017 жылдың 3 желтоқсанының сағат 00:00 бастап ҚР шекара қызметі Қазақстан-Қырғызстан шекарасының барлық өткізу орындарында күшейтілген шекара бақылауынан күнделікті шекара бақылауына көшуге келісті.  

Похожие материалы