Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан мен Қытай арасында үшінші темір жол салынуы мүмкін

Қазақстан мен Қытай арасында үшінші темір жол салынуы мүмкін

Астана. 8 ақпан. 7kun.kz - Қытай Қазақстанда үшінші темір жол өткелін салуды ұсынып отыр. Темір жолдың құны мен құрылыс мерзімі белгісіз, бірақ қазақстандық жақ жобаға қызығушылық білдіріп отыр. 

"Қытай ұсынысы бойынша ҚТЖ-мен (Қазақстан темір жолы) бірігіп екі мемлекет үшін де пайдалы болатын Қарамай (ҚХР) - Ташен (ҚХР) - Аягөз (ҚР) атты транзитті темір жол құрылысын талқылап жатырмыз. Қытайдан Еуропаға баратын ең қысқа жол болуы керек, шекарада орналасады. ҚТЖ барлығынан хабардар", - деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов мемлекет басшысының қатысуымен болған үкімет отырысында. Вице-премьер Асқар Маминнің сөзінше, жоба Қытай мен батыстың байланысы болмақ.

Даниал Ахметовтың айтуынша, Қорғасты есептемегенде жаңа темір жол арқылы 15 млн тоннаның жүк тасымалын өткізуге болады.

Қазіргі уақытта Қазақстан мен Қытайды екі темір жол байланыстырады. Екі мемлекеттің белгіленген шекарасының жалпы ұзындығы - 1783 шақырым. ШҚО әкімінің сөзінше, бүгінде жалпы құны 231 млрд теңге болатын қазақстандық-қытайлық жобалар іске асырылып жатыр. Көрші ел Семейдегі жылу станцияларының құрылысын қаржыландыруға да қызығушылық танытып отыр.

Похожие материалы