Экономика
Қазақстан мен Қытай балама энергетика мен "жасыл экономика" бойынша екіжақты байланысты нығайтпақшы
Қазақстан Республикасының мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин арасындағы келіссөздер нәтижесінде екі тарап түрлі салалар бойынша, нақтылап алғанда, "жасыл" экономика бойынша серіктестікті тереңдету туралы келісімге келді.
"Жоғары және инновациялық технологиялардың артып келе жатқан рөлін ескере отырып, екі тарап ғылым мен техника, балама энергетика және "жасыл" экономика салалары бойынша екіжақты байланысты тереңдетудің қажеттілігін атап өтті", - деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.
"Бұл ретте Қытай "Астана ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесін өткізуде Қазақстанға қолдау білдіретін болады", - делінген баспасөз қызметі хабарламасында.