Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан қор биржасы брендін ауыстырды

Қазақстан қор биржасы брендін ауыстырды

Алматы. 11 қазан. 7kun.kz - 2016 жылдың 11 қазанында өткен баспасөз конференциясында KASE 2016 жылдың 9 айындағы жұмысын қорытындылады және биржаның жаңартылған бренді таныстырылды.

Биржаның алдыңғы бренді 20 жылдан аса уақыт бойы қолданыста болды. "Жаңартылған бренд биржаның жинақтаған тәжірибесінің сабақтастығын және жоғары кәсіби деңгейін көрсетеді. Жаңа брендтің көрнекілігі инновациялық айқындылықты, қарқындылықты және технологиялық дамуға деген талпынысын бейнелейді", - деп атап өтті KASE басқармасының төрағасы Алина Алдамберген.

Жаңартылған брендті қолдау үшін бірқатар іс-шаралар,  оның ішінде биржаның интернет-сайтын жаңғырту ісі жоспарланған.

Похожие материалы