Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан осы жылы 12 млрд теңгені қайда жібереді?

Қазақстан осы жылы 12 млрд теңгені қайда жібереді?

Астана. 6 қаңтар. 7kun.kz - 2017 жылы Қазақстан халықаралық қаржылай ұйымдарға мүшелік жарна ретінде 12 млрд теңге төлейді. Бұл туралы қаржы министрлігі мәлімдеді деп хабарлады "Астана" арнасы. 

Министрліктің мәліметінше, төлем Дүниежүзілік Банкке, Исламдық Даму банкіне, Халықаралық даму ассоциациясына және Азиялық банкке жіберіледі.

Ведомствоның түсіндіруінше, мүшелік жарна бұл ұйымдарда болудың міндетті шарты деп саналады. Егер мүшеліктен бас тартылса, жарна қайтарылып беріледі. Қаржы министрлігінің атап өтуінше, халықаралық қаржы институттарының жұмысына қатысу Қазақстанға тиімді түрде инвестиция тартуға мүмкіндік береді.

"Жеке кәсіпкерлікті дамыту және инновация тәрізді пайдалары да бар. Айта кетейік, 2017 жылы республикалық бюджеттен Азиялық даму қорына 1 млрд теңге жіберу де қарастырылған", - дейді министрліктен. Ведомство мәліметінше, бұл ұйымға 2012 жылы 5 млн доллардан астам қаржы жіберілген.

Похожие материалы