
Қазақстан парламентінің сенаты екі еселі салықтан босатылып, салық төлеудегі жалтарудың алдын-алу үшін Македониямен үкіметаралық келісімге қол қою туралы жобаны заңдастырды.
Парламент сенаты қабылдаған заң жобасы қол қою үшін елбасына жіберіледі. Негізгі мақсаты - Қазақстан мен Македония арасындағы экономикалық әріптестікті дамытып, нығайту.
Екі ел арасындағы инвестиция мен сауда айналылымын ұлғайтуға арналған өзгерістер екі елдің азаматтары үшін де екі еселі салықтан босанып, салықтан жалтарудың алдын-алуға мүмкіндік береді.
Келісім-шарттың 5 бабына сәйкес, бірінші келісілген елдің заңды резидент-тұлғасы екінші елде егер тұрғылықты мекемесіз кәсіпкерлік бастаса, табыс салығын төлеуден босатылады.