Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан-Ресей шекарасында контрабандалық тауар ұсталды

Қазақстан-Ресей шекарасында контрабандалық тауар ұсталды

Алматы. 1 ақпан. 7kun.kz – Қазақстандық шекарашылар шекарадан 18 тонна контрабандалық сыра әкелуге тырысқан адамды ұстады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Петропавлдық шекара отрядының «Жаңажол авто» өткізу аймағы 49 жастағы қазақты алкогольдік сусындарды тасымалдауға тырысқаны үшін ұстаған.

«Ұсталған азамат Ресей Федерациясында «Мерседес» автокөлігімен болған. Ал, көлікті тексеру кезінде түрлі маркалы 18 тонна сыра табылды. Жүк үшін ешқандай қосымша құжаттары да жоқ», - деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Похожие материалы