Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан Ресейден 12 ұшақ сатып алады

Қазақстан Ресейден 12 ұшақ сатып алады

Алматы. 19 шілде. 7kun.kz - Ресей Қазақстанға Су-30М маркалы 12 ұшағын сатады. Бұл туралы Ресей әскери-техникалық серіктестік бойынша федералды қызметінің директоры Дмитрий Шугаев хабарлады.

"2017 жылдың  маусымында қазақстандық тараптан 2013 жыл 24 желтоқсандағы әскери-техникалық серіктестік келісімі аясында әскери тағайындаудағы өнімдердің тізімі алынды. Оның ішінде 12 Су-30СМ ұшақтары да бар", - деді Д.Шугаев.

2016 жылы көрші мемлекеттен дәл осы модельдің екі ұшағы жеткізілген. Қазіргі уақытта қызмет көрсету мен жерден тыс басқару жиынтыңы, сонымен қатар кешенді жаттығу құрылғысы бар екі әуе ұшағын жеткізу туралы келісімшарт іске асырылып жатыр.

Одан бөлек, 2018 жылдан 2020 жылға дейін Беларуссияға ұшақтар жеткізу жоспарланып отырғандығы да аталып өтті.

Похожие материалы