Қазақстан және Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) өзге елдері 1992 жылдан кейін ҚР-да және ЕАЭО елдерінде жұмыс істеп, содан кейін сол елдерден Ресей Федерациясына тұрғылықты тұруға көшіп кеткен азаматтарға зейнетақы төлемдерінің шығындарын төлеуі тиіс деп хабарлайды ҚазТАГ.
"Біз одақ елдеріне осы келісімді қолдануды тоқтатуды ұсынамыз, себебі 1992 жылдан қазіргі күнге дейін адам тапқанының бәрін ол осы еңбек өтілін алған мемлекетке төлеуі тиіс. Кеңес одағы ыдырағаннан кейін бұл дербес мемлекет қой. Егер адам тұрақты тұруы үшін Ресей Федерациясына көшіп келсе, неліктен біз 1992 жыл мен 1997 жыл аралығында Қазақстанда жинақталған еңбек өтілі үшін төлеуіміз тиіс", - деді РФ еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнетақы қамтамасыз ету департаменті директорының орынбаасары Светлана Комарова Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) алқасының жанындағы көші-қон саясаты жөніндегі консультациялық комитет отырысында.
Оның айтуынша, қазіргі кезде қолданыстағы келісім бойынша РФ-ға көшіп келген Қазақстан азаматтарына 1992 жылдан кейінгі еңбек өтілі жөніндегі еңбекақыны Ресей Федерациясы төлейді.
Оның пікірінше, жаңа принцип ЕАЭО-ның басқа елдеріне қатысты бірдей қолданылатын болады.
Бұған қоса, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова Қазақстан бұрынғы КСРО республикаларының азаматтарына зейнетақы жүйесінің реформасы жүргізілгенге дейін, яғни 1997 жылға дейінгі уақыт үшін зейнетақы төлейтіндігін жеткізіп, 2016 жылға дейін алынған еңбек өтілі жөніндегі жаңа жүйені енгізуді ұсынды.