Экономика
Медиа
"Қазақстан" РТРК" АҚ Басқарма төрағасы қызметінен кетті
"Қазақстан" РТРК" АҚ Басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев қызметінен кетті. Ол туралы бүгін ол facebook-тегі
парақшасында жазды.
"Оқу туралы іске асырылмай қалған ойларым бар еді, соларды жалғастырсам деймін. Аз уақыт ішінде көп шаруа бастадық. Менiң кеткенiме қарамастан, жалғасы болады деп үмiттенемiн. Ең бастысы - жақсы адамдармен таныстым, кәсіби мамандар, керемет орта. Корпорацияның болашағы зор! Өзім үшін қазақ телевизиясының қара шаңырағында қызмет ету үлкен тәжірибе болды. Әрiптестерiме де, барлық жанашырларыма да көп рахмет!",-деп жазды ол.
Еске салайық, Кемелбек Ойшыбаев бұл қызметке 2016 жылдың 1 қазанында тағайындалған еді.