Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан сайттары себепсіз бұғауланып жатыр

Қазақстан сайттары себепсіз бұғауланып жатыр
Естеріңізге сала кетейік, Ratel.kz порталына 2015 жылдың 9 қыркүйегінде еш себепсіз пайдалануға тыйым салынғанған еді. Салдарынан сайт қызметкерлері материалдарын Ratel.kz-тың фейсбуктағы парақшасында жариялап жатыр. Осыған орай, сайт құрылтайшысы Марат Асипов жеке парақшасында сайтқа DDos-тың шабуылын есептемегенде, соңғы 1 жарым жыл ішінде  алты рет бұғау қойылғандығын мәлімдеді. "Тосқауыл осымен екінші аптаға созылды. "Қазақтелекомның" басшылығына және ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетіне себебін түсіндіру туралы хат жаздық. Еш жауап жоқ. Не үшін екені түсінікті. Өйткені тосқауыл заңсыз қойылған. Біз ешқандай ҚР заңын бұзған жоқпыз", - деді Марат Асипов сайтқа берген сұхбатында. Келесі күні, яғни 10 қыркүйек күні мұндай жағдай Zonakz.net сараптамалық порталында орын алды. Соңғы рет сайт 21 қыркүйек күні бірнеше сағатқа ғана жұмыс жасаған. "Бір сөзбен айтқанда бұл шектен шыққандық. Бізде Бас прокуратураға, Жоғарғы сотқа, байланыс комитетіне ресми хат жібердік. Алайда олар кемінде бір айда жауап беруі мүмкін. Сондай-ақ, екі бірдей сараптамалық сайтқа тосқауыл қойылды. Девальвация басталғалы бері біз банктер жүйесі мен Ұлттық банк саясатына қатысты материалдарды көп жарияладық. Тосқауылдың басты себебі осы болуы мүмкін" - деді бұл туралы сайттың бас редакторы Юрий Мизинов.

Похожие материалы