Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан Сауд Арабиясына жеткізетін астық көлемін арттырмақ

Қазақстан Сауд Арабиясына жеткізетін астық көлемін арттырмақ

Қазақстан Сауд Арабиясына жеткізілетін астық көлемін арттыруы мүмкін деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

"Қазақстан, Түрікменстан және Иранды жалғайтын "Өзен-Горган" жаңа темір жолының салынуының аяқталуы Иран аумағы арқылы Парсы шығанағы елдеріне, соның ішінде Сауд Арабиясына транзитпен астық жеткізу көлемін арттыру үшін мүмкіндік туғызады. Қызығушылық болған жағдайда өзара тиімді шарттар негізінде Қазақстан астығын Сауд Арабия нарығына жеткізу мүмкіндігі бар", - деп мәлімдеді мекемедегілер. Жеткізілімнің артуына кедергі жасап тұрған проблемалардың бірі ретінде министрлік астықтың Сауд Арабия порттарына дейін тасымалдау құнының жоғары болуын атайды. Министрліктің деректеріне сүйенсек, Сауд Арабиясындағы бидай өндірісінің орташа жылдық көлемі - шамамен 1 млн тонна, импорт - шамамен 2 млн тонна. Бұған қоса, жыл сайын орташа есеппен шамамен 8 млн тонна арпа импортталады. Сауда Арабиясына астықты жеткізетін негізгі елдер - Ресей, Украина, Еуроодақ елдері, Австралия және АҚШ. Министрлік деректері бойынша, 2010-2014 жылдар ішінде Сауд Арабиясы 10,9 млн доллар сомасына 68,3 мың тонна қазақстандық астықты импорттаған (2010 жылы - 64,4 мың тонна, 2014 жылы - 3,9 мың тонна).  

Похожие материалы