Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан шетелге 62 млрд доллар инвестициялады

Қазақстан шетелге 62 млрд доллар инвестициялады

Алматы. 27 шілде. 7kun.kz – 2005 жылдан 2017 жылға дейін Қазақстан шетелге 62 млрд доллар инвестициялады, деп хабарлайды Инвестициялар және даму министрлігі.

Министрлік отандық капиталдың ең үлкен ағымы Голландияда байқалғанын атап өтті. Бұл елге 12 жыл ішінде 38,4 млрд доллар жіберілген.

Ұлыбритания екінші орынды иеленді. Ұлыбритания Қазақстаннан 5,6 млрд доллар алды.

Көршілес Ресейге Қазақстан 3,5 миллиард доллар инвестициялады.

Айта кетейік, соңғы 12 жылда Қазақстан ірі инвестицияларды жіберген елдер тізімін - Ирландия бастап тұр. Аталмыш елге 1,8 млрд доллар жіберілді.

Қалған 12,7 млрд доллар инвестиция басқа елдерге таратылды.

Похожие материалы