Алматы. 12 шілде. 7kun.kz - Астанада қос елдің іскерлер кеңесінің 4-ші отырысында «Қазақ инвест» тарапынан ресми Берн делегаттарына осындай ұсыныс жасалды, деп хабарлайды abctv.kz.
«Қазақстан Темір жолы» тіпті «Штадлер групп» компаниясымен келісім жасалса, онда пойыздарды Ресей мен Қытайға экспорттаудың жолын қарастыруға дайын.
Сондай-ақ, Альп тауынан жеткен бизнесмендерге туризм, мұнай-газ, түрлі-түсті металл және ауыл шаруашылығы саласында да ақша табуға мүмкіндіктің берілетіні айтылды.
Жалпы Астана мен Берн іскерлік әріптестігі 2006 жылдан бері орнаған. Тек әзірге алыс-беріс айтарлықтай көп емес. 2017 жылы небәрі 14%-ға өсім көрсетіп, 3 млрд долларды құраған. Ал 12 жылда тартылған инвестиция 20 млрд доллар.
Серіктестік энергетика, транспорт, инновация және медицина саласында жүргізіледі.