Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан соңғы 10 жыл ішінде ғарыш саласына $1,5 млрд жұмсаған

Қазақстан соңғы 10 жыл ішінде ғарыш саласына $1,5 млрд жұмсаған

Соңғы 10 жыл ішінде Қазақстан ғарыш жүйелерін қоса алғанда, ғарыш саласындағы жобаларға 1,5 млрд доллар жұмсаған, олар ешқандай пайда әкелмеді деп есептейді ҚР парламент мәжілісінің депутаты Тұрсынбек Өмірзақов.

"Соңғы 10 жыл ішінде Қазақстан (ғарыш саласындағы жобаларға) 1,5 млрд доллар жұмсады, "Бәйтерек", "Есіл", KazSat-1 жобалары ешқандай пайда әкелмей, жабылып қалды. Айтыңызшы, шетелдік аналогтармен салыстырғанда біздің аппараттар қанша тұрады?", - деді Тұрсынбек Өмірзақов сәрсенбі күні өткен мәжілістің толық отырысында ҚР инвестициялар және даму министрлігінің аэроғарыш комитетінің төрағасы Талғат Мұсабаевқа.

Өз кезегінде Талғат Мұсабаев мәжіліс депутатының мұндай мағлұматқа ие екендігіне таңданыс білдірді.

"Жақсы сауал, сізде мұндай мәлімет бар екендігіне таңданып отырмын. Негізі бұл қызметтік пайдалануға арналған, бірақ сіз біліп жатсаңыз (бұл ақпаратты)... Біздің аппараттар баға-сапа коэффициенті бойынша, мысалы, бүгінгі күні басылымдар арқылы кеңінен жарнамаланып жатқан Араб Әмірлігіндегі аппараттармен салыстырғанда, жақсырақ. Араб Әмірлігі сатып алғысы келіп отырған рұқсат беруші қабілеті 0,6 Жерді қашықтықтан зондтауға арналған бір аппаратының құны 1 млрд доллар. Біздің барлық жүйеміз - екі спутник және жерүсті инфрақұрылымдардың барлығы. Бұл жүйемен таныс болуға шақырамын - бұл қала, құны 260 млн евро", - деп түсіндірді ол.

Комитет басшысы атап өткендей, қазақстандық спутниктер шетелдіктермен салыстырғанда бірқатар артықшылықтарға ие.

Похожие материалы