Қазақстан тұрғын-үй бағасы қамбаттаған елдердің бестігінің қатарына енді. Бұған Knight Frank консалтингтік компаниясы жүргізген әлемдік жылжымайтын мүлік нарығы индексінің нәтижелері куә. Қазақстанның өсім көрсеткіші - 14%.
Бағалардың екі есе қымбаттауы байқалған бестіктің ішінде Ирландия, Түркия, Қазақстан, Гонконг және Литва бар. Алғашқы орында 16,3% өсім көрсеткішімен Ирландия, екінші орында Түркия (16,2%), үшінші орында – Қазақстан (14%).
Knight Frank-тың хабарлауынша, 2014 жылы әлем бойынша жылжымайтын мүлік бағасы орта есеппен 1,8%-ға өскен. Бұл көрсеткіш 2012 жылдың үшінші тоқсанынан бергі ең төменгі мәнге ие болып отыр. Десе де, 2014 жылдың төртінші тоқсанында тұрғын-үй бағасы екі жылда алғаш рет түсіп, 0,6% жоғалтты. "Осының барлығы экономикалық және саяси жағдайларға байланысты. Жаһандық экономиканың жоспарланған 3,8%-ның орнына тек 3,3%-ға ғана өсуі, мұнай бағасының арзандауы, қытай экономикасы дамуының тежелуі туралы болжам, Грекия мен Еуроодақ арасында шиеленіс - аталғанның бәрі әсер етпей қоймайды", - делінген компанияның баспасөз-баянында.
Өткен жылы зерттелетін 55 тұрғын-үй нарығының 41-і оң серпін көрсеткен болатын. Жылжымайтын мүлік бағасы төмендеп жатқан 14 елдің 10-ы Еуропада орналасқан. Тұрғын-үйдің ең жоғары бағасы әлем аумақтары бойынша Ресей мен ТМД елдерінде байқалған (+8,5%).