Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда тұрғын үй құрылысына 379 млрд теңге жұмсалды

Қазақстанда тұрғын үй құрылысына 379 млрд теңге жұмсалды

Алматы. 24 шілде. 7kun.kz - 2017 жылдың қаңтар-маусымында құрылыс қызметтерінің көлемі 1,1 трлн теңгені құрады. Бұл туралы статистика комитеті хабарлады.

Көрсеткіш 2016 жылдың І тоқсанына қарағанда 5,9 пайызға өскен.

Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінің 75,9 пайызын - жеке, 23,7 пайызын - шетелдік,  0,4 пайызын - мемлекеттік компаниялар орындаған.

 Қазақстанның 11 өңірінде құрылыс жұмыстарының өскені байқалады. Павлодар облысында 1,3 есе, Атырау облысында - 1,2 есе, Қостанай, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облысында- 1,1 есеге өскен.

2017 жылдың қаңтар-маусымында пайдалануға берілген ғимараттар 7,2 млн шаршы метрді құрады.

2017 жылдың І жартыжылдығында тұрғын үй құрылысына 379,4 млрд теңге (2,0% артық) жұмсалған.

Похожие материалы