Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан тас жолдарында ауыр жүк тасымалына шектеу қойылады

Қазақстан тас жолдарында ауыр жүк тасымалына шектеу қойылады

Алматы. 28 ақпан. 7kun.kz – Қазақстанда 2018 жылдың 1 наурызы мен 1 мамыры аралығында республикалық  автокөлік жолдарында ауыр жүк тасымалдайтын көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеулер қойылады.

Белгіленген мерзімде жеке, қосарланған және үш қабат білік жүктемелері келесі көрсеткіштерден аспауы қажет.

Наурыз айының 23-і мен мамыр айының 1-і аралығында IV климаттық аймақтарға (Ақмола, Ақтөбе, Шығыс-Қазақстан, Батыс-Қазақстан,  Қарағанды (Қарағанды аймағы), Қостанай, Павлодар, Солтүстік-Қазақстан облыстары) шектеулер енгізіледі. Ал наурыз айының 1-нен сәуір айының 1-не дейін V климаттық аймақтарға (Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған өңірі), Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары) шектеулер енгізіледі.

Бұл уақытша шектеулердің жолаушылар мен жүктерді халықаралық қатынаста тасымалдайтын автокөлік құралдарына, төтенше жағдайды алдын алу және жою шараларына, зардап шеккендерге гуманитарлық көмекке, азық-түлік/жолаушыларды және багаж/медикаменттерді, жол-құрылыс жұмыстарына тартылған автокөлік құралдарына қатысы жоқ.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы