Экономика
Выбор редактора
“Қазақстан Темір Жолы” екінші рет өз активтерін сатылымға шығарады
Жекешелендірудің екінші толқыны аясында “Қазақстан Темір Жолы” Көлік қызметі орталығын сатылымға шығарады деп мемлекеттік мүлік комитетіне сілтеме lsm.kz хабарлайды.
Бұған дейін аталған кәсіпорын сатылымға 26-маусымда қойылған болатын. Келесі аукцион 11-тамызда өтеді деп жоспарлануда. Сатылымға кәсіпорынның 100% акциясы (2,3 млн дана) қойылмақ. Нысанның бастапқы бағасы – 3,45 млрд теңге деп бекітілді. “Қазтеміртранс” компаниясының еншілес кәсіпорны ретінде құрылған Көлік қызметі орталығы елімізде теміржол арқылы жүк тасымалыдаумен айналысады.
Айта кетейік, қазіргі уақытта елімізде жекешелендірудің екінші толқыны жүріп жатыр. Бүгінге дейін 63,93 млрд теңгені құрайтын 187 нысан жекешелендірілді. Құны 156,7 млрд теңгені құрайтын 142 нысан саудаға қойылған.