Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан Украинаға көмек ретінде миллион еуро бөледі

Қазақстан Украинаға көмек ретінде миллион еуро бөледі

Қазақстан Чернобыль АЭС-дағы "Укрытие" қорғаныс нысанының құрылысына тағы миллион еуро бөледі. Бұл жөнінде Қазақстанның экономикалық интеграциялар жөніндегі министрі Жанар Айтжанова мәлімдеді.

"Қазақстан үкіметі жақында "Укрытие" чернобыльдік қорына қаржылық көмек ретінде қосымша миллион еуро бөлу туралы шешім қабылдады", - дейді министр. Айтжанованың айтуынша, 2011 жылы Қазақстанда Украинаға Чернобыльде қорғаныс нысандарын салуға 2 миллион еуро көлемінде көмек көрсеткен.

"Европейская правда" басылымының хабарлауынша, министр Қазақстанның қаңтар айында Украинаға 300 тонна гуманитарлық көмек көрсеткендігін атап өткен. Қазіргі таңда гуманитарлық көмектің екінші пакеті даярланып жатыр.

Украиналық БАҚ-тың ақпаратына сүйенсек, "Укрытие" нысанының құрылысына жалпы көлемі 500 млн еуро керек. Бұл қаржы Чернобыль АЭС-ның құлап қалған төртінші энергоблогына қажет. Еуропалық комиссия бұған дейін осы мақсатта 70 млн еуро көлемінде көмек көрсетуге даяр екендігін білдірген болатын.

Похожие материалы