Экономика
Қазақстан Украинаның оңтүстік-шығыс аймақтарына гуманитарлық көмек жіберді
ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес ел Үкіметі Украинаның оңтүстік-шығыс аймақтарына ресми гуманитарлық көмек көрсету мақсатында ақшалай және материалдық ресурс жіберді деп хабарлайды 7kun.kz ақпараттық агенттігі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
10 қаңтар күні Қазақстан Украинаға жалпы құны 69 727 875 теңгені құрайтын гуманитарлық көмек жіберген. Нақтылап айтқанда, бұл сомаға 127875 банкі ет консервісі, 40 тонна қант, 150 тонна қарақұмық және 36 мың сұйық май кіреді.
Осыған дейін, 2014 жылдың 6 қазанында Қазақстан Республикасы Халықаралық Қызыл Крест ұйымына Украиаға гуманитарлық көмек ретінде 30 мың АҚШ долларын құрайтын мүшелік жарна аударған болатын.