Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Вьетнам Премьер-министрі Нгуен Тан Зунгпен кездесті деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Кездесу барысында сауда-экономика, инвестиция, отын-энергетика салаларын қоса қамтитын бірқатар бағытта екі ел ынтымақтастығын нығайту мәселелері талқыланды.
"Қазақстан Президенті еліміздің экономикалық және саяси байланыстарды дамытуға мүдделі екенін, ЕАЭО және оған мүше мемлекеттер мен Вьетнамның арасында қол қою жоспарланып отырған еркін сауда аймағы туралы келісім бұған септігін тигізуі тиістігін атап өтті", - делінген баспасөз мәлімдемесінде.
Вьетнам Премьер-министрі ел үкіметі мен халқының атынан Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан халқының президенттік сайлауда көрсеткен сенімімен құттықтады.
Тараптар түрлі саладағы ынтымақтастықтың әлеуеті зор екенін айта келіп, оны әрі қарай өрістетудің маңыздылығын атап өтті.