Алматы. 6 наурыз. 7kun.kz — Қазақстан тауарларының Қытайға экспорты 2017 жылдың қорытындысы бойынша, өткен жылдан қарағанда 18,9 пайызға немесе 5,59 млн тоннаға азаяды деп болжам жасалды. Бұл туралы «Қазақстан Темір жолы ҰК» АҚ хабарлады.
«Қазақстандық және қытайлық теміржолшылар 2017 жылы жүк тасымалын көбейту туралы келісім жасады. Қазақстан — Қытай темір жолдарындағы Достық — Алашанкоу мен Алтынкөл — Хоргос өтпелері арқылы транзиттік және экспорт-импорттық жүктер көлемін 33 пайызға көтеру жоспарланып отыр.
Екіжақты тауар айналымы осы жылы Қазақстан мен Қытай арасында 10 млн 990 мың тоннаға дейін өседі. Қазақстан экспорты 5,59 млн тоннаны құрайды. Ал импорт пен транзит 5,4 млн тонна көлемде болады деген болжам жасалды.
2016 жылы Қазақстан-Қытай тауар айналымы 8,3 млн тонна болды. Оның ішінде экспортқа жіберілген тауарлар көлемі 4,7 млн тоннаға жуық болса, импорт пен транзит 3,6 млн тоннаны құрады.
Жиынға темір жол өкілдері мен Қазақстан, Вьетнам, Қытай, Моңғолия, Ресей және КХДР-ның ішкі сауда ұйымдарының мүшелері қатысты. Теміржол ынтымақтастық ұымының кезекті отырысы 2018 жылдың наурыз айында Пхеньянда өтеді деп жоспарланып отыр.