Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан-Жапония бизнес форумында құны 1,5 млрд доллар болатын құжаттарға қол қойылады

Қазақстан-Жапония бизнес форумында құны 1,5 млрд доллар болатын құжаттарға қол қойылады

Қазақстан-Жапония бизнес форумының қорытындысы бойынша 1,5 млрд доллардың 14 құжатына қол қойылады. Бұл туралы Астанадағы форум аясында Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлімдеді деп хабарлайды Қазақстан - 2050 сайты.

 «Бүгінгі таңда ынтымақтастық саласындағы барлық проблемалар шешілді. 25 қазаннан бастап инвестиция, визалық режим мен шетелдік жұмыс күшін енгізу бойынша келісім күшіне енеді. Бүгінде шараға 300 келушінің орнына   500 қатысушы келіп отыр. Бұл екі ел қызығушылығының жоғары екенін көрсетеді», - деді Ә.Исекешев.
Министрдің айтуынша, дәстүрлі байланыстан бөлек, шикізат, мұнай және газ, уранды алу және өңдеу, индустриялды салада, көліктік логистика және инновациялық ауыл шаруашылығы саласында  ынтымақтастық жүргізу қарастырылып отыр. «Мәселен, көліктік логистика саласында жапондық ірі логистикалық компания үш жобаны жүзеге асыруды қолға алды. Олар Қорғаста логистикалық орталықтың ашылуы мен транзиттік жүк тасымалын үлкейтеді. Қарағанды және Қостанай облыстарында сирек жер металдарын барлау жобасы басталды.  «Тойота Моторс» автомобильдерін жинау бойынша серіктестік белсенді жүргізілуде. Сондай-ақ, «Шимадзу» компаниясымен медициналық қондырғыларды жинау қарастырылған. Жалпы, 1,5 млрд доллардың 14 құжатына қол қойылады. Бүгінгі форумнан кейін бірлескен жобалар мен келісімдер пайда болатынына сенмідімін», - деді ведомство басшысы.

Похожие материалы