Алматы. 29 маусым. 7kun.kz - Қазақстандық жиһаз өндірушілері 16,7 млрд теңгеге жиһаз шығарды. 2017 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 13,4%-ға артты.
Жиһаз шығаруда Аламты, Алматы облысы мен Павлодар облысы алдыңғы қатарда. Алғашқы үштік Қазақстан бойынша өнімнің 53,3%-ын жасады.
Алматы облысында «Витрина Плюс» ЖШС, «Ariba» ЖШС, «Алма-Мебель» ЖШС, «ZETA» компаниясының бірнеше өндірістік формациясы, ал Павлодар облысында «Мерей», «Кристина» сынды фабрикалар жұмыс істейді.
Отырғыш пен металл тіректері бар орындықтар өнімі айтарлықтай артты (бір жылда +36,3%, яғни 424,9 мың теңге). Сонымен қатар, офистік ағаш жиһаздарды өндіру көрсеткіші де жоғарылады (жылдан жылға 10%, яғни 139,9 мың теңге).
Қазақстан аумағында импортқа тәуелділік дәл осы сегментте жоғары. Себебі асхана мен қонақ бөлмелеріне арналған ағаш жиһаздардың 88%-ы - шетел өнімі. Сауда ұйымдарының сегменті де 85,5%-ға импортқа тәуелді.