Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан ЖІӨ көрсеткіші бойынша Ресейден озды

Қазақстан ЖІӨ көрсеткіші бойынша Ресейден озды

І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, Қазақстан экономикасы жан басына шаққандағы ЖІӨ бойынша Ресейді басып озды. 2015 жылы Ресейдің ЖІӨ-і 11 975 мың долларды, Қазақстандағы көрсеткіш 12 424 мың долларды құрайды деп жазады National Business.

Ресей экономикасы санкциялар, энерготасымалдаушылар бағасының төмендеуі және долларға қатысты рубльдің әлсіреуі тәрізді үлкен сынақтарды бастан кешіріп жатыр. ОПЕК-тің болжамы бойынша, Ресейдің ЖІӨ-сі осы жылы 2,8%-ға немесе 1,755 трлн долларға дейін қысқаруы мүмкін.

Росстат мәліметінше, Ресейдегі адам басынша шаққандағы ЖІӨ 706,5 мың рубль немесе 11 975 мың доллар болуы қажет. Аталған көрсеткіштің төмендеуіне сыртқы макроэкономикалық көрсеткіш ғана емес, Қырым мен Севастопольдың 2,3 млн тұрғыны қосылуы да ыөпал етіп отыр.

Азия даму банкінің мәліметі бойынша, Қазақстан ЖІӨ-сі 1,9 пайызға немесе 216,3 млрд долларға дейін артады. Халық саны жыл сайын 1,5 пайызға көбейеді деген тенденция сақталса, қазақстандықтардың жан басына шаққандағы көрсеткіші 2,4 млн теңге немесе 12 424 мың доллар болуы қажет.

Похожие материалы