Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

111,8 млрд теңгенің мүлкі заңдастырылды

111,8 млрд теңгенің мүлкі заңдастырылды

2015 жылдың 31 наурызындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында 111,8 млрд теңге сомасына 17 965 нысан заңдастырылды деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті.

"ҚР аумағында орналасқан мүлікті заңдастыру жөнінде жергілікті атқарушы органдар жанындағы комиссияларға жалпы сомасы 228,8 млрд теңге болатын мүлікті заңдастыру туралы 26 415 өтініш келіп түскен: 165,9 млрд теңге сомасына 21 517 тұрғын үй нысаны; 61,4 млрд теңге сомасына 11 470 тұрғын емес нысан, осының ішінде 4035 млрд теңге сомасына 2740 коммерциялық нысан; 0,7 млрд теңге сомасына заңды тұлғаларға қатысудың 14 үлесі; 0,8 млрд теңге сомасына бағалы қағаздар", - деп келтіреді деректерді Мемлекеттік кірістер комитеті.

"ҚР аумағынан тыс орналасқан мүлікті заңдастыру жөнінде мемлекеттік кірістер органдарына жалпы сомасы 223,1 млн теңге мүлікті заңдастыру туралы 9 өтінім келіп түскен; 218,7 млн теңге сомасына 5 тұрғын үй нысаны; 1,5 млн теңге сомасына 1 тұрғын емес нысан, осының ішінде 1,5 млн теңге сомасына бір коммерциялық нысан; 3,0 млн теңге сомасына заңды тұлғаларға қатысудың 2 үлесі; 670 теңгеге бағалы қағаздар", - деп нақтылады мекеме.

215,9 млрд теңге сомасына 6 нысан заңдастырылды.

Бұған қоса, ҚР ҰБ есебіне сүйенек, 2015 жылдың 30 наурзындағы жағдай бойынша екінші деңгейлі банктер жалпы сомасы 29,1 млрд теңгеге ақшаны заңдастыруға арналған 82 жинақтаушы шот ашқан, соның ішінде жинақтаушы шоттардан 10,8 млрд теңге алынған, ақшаны заңдастырған үшін бюджетке түскен алым көлемі - 1,2 млрд теңге.

Сонымен қатар, 1-Н есебіне сәйкес, 2015 жылдың 31 наурызындағы жағдай бойынша 206110 "Мүлікті заңдастыру үшін алынатын алым" коды бойынша бюджетке заңдастыру акциясы басталғалы бері 1,2 млрд теңге келіп түскен.

Похожие материалы