Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда 18 брендке тиесілі автокөлік моделдері құрастырылады

Қазақстанда 18 брендке тиесілі автокөлік моделдері құрастырылады
Алматы. 7 желтоқсан. 7kun.kz - Бұл туралы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жалпыұлттық телекөпір кезінде мәлімдеді деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.  Мемлекет басшысы өндірістік кооперация және авмобиль құрастыру саласындағы ынтымақтастық мәселелеріне назар аударып, еліміздің автозауыттарында электромобильдер құрастыру ісі басталғанын атап өтті. "Бүгінде Қазақстанда 18 белгілі брендке тиесілі автокөлік құралдарының түрлі моделдері құрастырылады. Біз оларды Қытайға, Ресейге, Тәжікстанға, Өзбекстанға және басқа да елдерге экспорттаудамыз", – деді президент. Нұрсұлтан Назарбаев шикізаттық емес сектордағы өндіріс көлемін арттыруға және оның ел экономикасындағы маңыздылығына да тоқталды. "Химия өнеркәсібі саласында «Еврохим» трансұлттық компаниясы күрделі тыңайтқыштар шығару зауытының құрылысын бастады. 14 фармацевтикалық кәсіпорында халықаралық ДжиЭмПи стандарттары енгізілді. Бүгін «Химфарм» акционерлік қоғамы «Польфарма» ірі фармацевтикалық компаниясымен бірлесе атқаратын тағы бір жоба іске асырыла бастады. Құрылыс саласында негізгі құрылыс материалдары бойынша импортқа тәуелділікті жойдық. Heidelberg, KNAUF, Basf, Sika және басқа да шетелдік компаниялардың қатысуымен 180-нен астам жоба іске асырылды", – деді мемлекет басшысы. 2017 жылы Қазақстанда 1,9 трлн теңгелік 127 жоба іске қосылды.

Похожие материалы